Саяжайдың иесі жауапкершілікке тартылды

Oinet.kz 21-07-2020 704

1234.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде карантин режимін сақтау туралы тапсырмасын тәртіп сақшыларының жүзеге асырып жатқаны мәлім. Төлеби ауданында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жергілікті әкімдік өкілдерінен арнайы құрылған мобильдік топ заң бұзушы саяжайдың иесін анықтады.  

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желілерде мессенджер арқылы Біркөлік демалыс аймағында ешқандай карантин талаптарының сақталмай, адамдар көптеп шоғырланғаны жөнінде бейнежазба таралған болатын.

Қазіргі уақытта Төлеби АПБ-нің полиция қызметкерлерімен аталған бейнежазбадағы саяжайдың иесі анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді. Бұл жайтты Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Қайрат Дәлбековтің бақылауына алынды. 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарды өз қауіпсіздігі үшін коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты енгізілген карантин режимін қатаң сақтауға шақырады. 

Жол қозғалысы ережесін бұзғандарды жауапкершілікке тартты
Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жазаға тартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу