49 құқықбұзушыға 2 миллионға жуық айыппұл салынды

Oinet.kz 07-08-2020 570

99.jpg

Түркістан облысы әкімінің карантин талаптарын қатаң сақтау туралы тапсырмасымен құқық қорғау органдары өкілдері мен жергілікті әкімдік қызметкерлерінен құралған мобильді топтар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізгенімен тәртіпке бағынбайтындар әлі де кездесуде. Соның бірі – Келес ауданында полицейлер карантин кезінде қонақ шақырып, той жасаған тұрғындарды анықтады.

Келес ауданының полицейлері Абай ауылындағы жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде 50-ге жуық туыстарын жинап, «Қыз ұзату» тойын өткізіп жатыр деген хабарлама алысымен мобильдік топпен тез арада көрсетілген мекен-жайға жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде той тоқтатылып, той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша хаттама толтырылды. Ауданда осыған ұқсас тағы бір жайт Біртілек ауылында тіркелді. Онда жергілікті тұрғын карантин режиміне қарамастан өз үйіне 30-ға жуық адам жинап, келін түсіріп, «Беташар» тойын өткізген. Той иесіне қатысты заңға сәйкес әкімшілік шара көрілді. Карантиндік шаралар енгізілгеннен бері Келес ауданының полицейлері рейдтік және профилактикалық іс-шаралар барысында 93 құқықбұзушылықты анықтады, оның ішінде 2 жайты үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. Сондай-ақ, 49 құқықбұзушы азаматқа қатысты іс қаралып, оларға 2 миллионға жуық айыппұл салынған.

Жалған жарнама беріп, алаяқпен ақша аудартып алған күдікті ұсталды
Заңсыз құм өндірушілер ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу