Заңсыз балық аулағандардың ісі сотқа жіберіледі

Oinet.kz 05-08-2020 571

89.jpg

Түркістан облысы әкімнің табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға жол бермеу және алдын алу туралы тапсырмасы бойынша полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді. Сондай рейд барысында тәртіп сақшылары Сырдариядан заңсыз балық аулаушыларды ұстады.

Браконьерлік және табиғи ресурстарды заңсыз өндіру фактілерін анықтау бойынша түнгі рейдке шыққан Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері мен Мақтаарал аудандық Полиция бөлімінің табиғат қорғау инспекциясы мамандары Сырдария өзенінің жағасында заңсыз балық аулаған екі браконьерді ұстады. Олар Келес ауданының тұрғындары болып шықты.

Тәртіп сақшылары ұсталғандардың моторлы қайықпен және "қытай торларымен" заң бұзу арқылы балық аулағанын анықтады. Полиция қызметкерлері күдіктілерден қайық және балық аулау құралдарын, 20 келіге жуық заңсыз ауланған сазан, мөңке және көксерке балықтарын тәркіледі.

Тәртіп бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі "Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Мал жаю ережесін бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Жұрттың жәрдемақыларын заңсыз иеленген бұрынғы пошташы ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу