Телефон ұрлап істі болды

Oinet.kz 05-08-2020 615

88.jpg

Түркістан облысы әкімінің бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу туралы тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Соның бірінде Арыс қаласының полицейлері ұялы телефондар жымқырған ұрыны ұстады.

Арыс аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне Арыс қаласының тұрғыны арызданып, үйінен "Самсунг" және "Нокия" маркалы екі ұялы телефоны ұрланғаны жөнінде хабарлаған. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Арыс АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты.

Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Арыс аудандық полицейлері телефон ұрлаған күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған Арыс қаласының тұрғыны, жәбірленушінің танысы болып шықты.

Анықталғандай жас жігіт жәбірленушімен бірге ішімдік ішкеннен кейін, ұялы телефондарын жымқырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Содан кейін ұрланған телефондарды сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Айғақты зат ретінде ұрланған ұялы телефондар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Ұялы телефондарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болу және телефондарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Бағалы заттар мен ақшаны жабық жерлерде немесе киімнің ішкі қалталарында сақтаған дұрыс. Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен дүкендерге барған кезде құнды заттарды назардан тыс қалдырмаңыз. Ұялы телефондар ұрланған немесе жоғалған жағдайда тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласу керек.

Жұрттың жәрдемақыларын заңсыз иеленген бұрынғы пошташы ұсталды
Есірткімен ұсталып қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу