Төрт күнде 1250 құқықбұзушылықты анықтады

Oinet.kz 03-08-2020 578

83.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен өңірде тәртіп сақшылары карантин кезеңінде табиғат қорғау заңнамасы мен экологиялық нормаларды сақтауға бағытталған төрт күндік "Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу. Сонымен қатар, мүдделі органдармен бірлесіп, адамдар көп жиналатын жерлерде: саябақтарда, өзендер мен су қоймаларының жанында экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізу болып табылады. 

Түркістан облысы бойынша полиция қызметкерлері мен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдерінен құралған мобильдік топтар Сайрам, Ордабасы аудандары мен Кентау қаласының жанында рейд жүргізді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар мен еріктілер жағалауды қоқыстан тазарту акциясына қатысты.

"Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасындағы 1250 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде 139 жайт алкоголь ішу және мас күйінде қоғамдық орында болу, 95 жайт рұқсат етілмеген орындарда сауда жасау, 19 жайт аумақты абаттандыру ережелерін бұзу және жасыл желектерді зақымдау және 765 ортақ су пайдалану ережелерін бұзу фактілері.

Қазғұрт полицейлері телефон ұрысын Шымкентте ұстады
Заң бұзғандарға 1,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу