Баласының құқықбұзушылығы үшін ата-анасына ескерту жасалды

Oinet.kz 01-08-2020 535

75.jpeg

Түркістан облысы әкімінің кәмелет жасқа толмағандар арасында заңбұзушылықты болдырмау туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Сарыағаш ауданында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер қоғам және мүдделі орган өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шараларға шықты. Үш күндік жұмыс нәтижесінде Сарыағаш АПБ ЖПҚ-нің ювеналды полиция қызметкерлері түнгі уақытта үйден тыс жерде үлкендердің еріп жүруінсіз жүрген 32 кәмелетке толмағандарды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі "кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы" бойынша ескерту жасалды.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде құқықбұзушылыққа бейім 3 кәмелетке толмаған жасөспірімді профилактикалық есепке алды. Полицейлер жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен түрлі құқықбұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екендігі туралы профилактикалық, түсіндіру әңгімелерін өткізді және ересектерге балаларды әсіресе түнгі уақытта үйден тыс жерлерге жібермеуге шақырды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері мұндай іс-шараларды өткізу кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу тұрғысынан қажет екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты жалғасатын болады.

Тәртіп сақшылары 3 күнде 357 құқықбұзушылықты анықтады
Созақ ауданында дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың 52 жайты анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу