Шетелдік азаматты тонаған күдікті қолға түсті

Oinet.kz 31-07-2020 602

72.jpg

Сарыағаш ауданында тәртіп сақшылары шетел азаматын тонаған күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушіні ұрып, ақшасын тартып алған.

Сарыағаш аудандық Полиция бөліміне Өзбекстан Республикасының азаматы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оған белгісіз азамат кешкі сағат 17:00 шамасында шабуыл жасап, бетінен бір соққы беріп, күшпен 20 мың теңгесін тартып алған. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-мен СДТТБТ ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді.

Оқиға орнына арнайы жедел-тергеу тобы жіберілді. Жәбірленушінің жауабымен күдіктінің түр-тұлғасы анықталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері тонау қылмысына қатысы бар күдіктіні «ізін суытпай» қолға түсірді. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде 20 мың теңге ақша тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдікті қолхатта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға барынша қырағы болуды ескертеді. Егер сіз тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Кәмелетке толмаған қызды зорлаған азғын сотталды
Көлік тонаған күдіктіні тез ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу