Атқарушылық жазбаның маңызы қандай?

Oinet.kz 19-03-2024 2282

image.png

Атқарушылық жазба – даусыз сипаттағы талаптарды соттан тыс тез шешуге арналған құқықтық құрал.

Статистикаға сүйенсек атқарушылық жазбасын жасау үшін нотариустарға жүгінетін өндіріп алушылардың саны жыл санап артуда. Осыған байланысты атқарушылық жазбаға шағым келтіру тәртібін түсіну маңызды.

Атқарушылық жазба жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге оның көшірмесін табыс етеді немесе борышкердің электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе тіркелген жері бойынша жібереді.

Осылайша, қандай да бір міндеттемелерді қабылдау туралы мәмілелер жасасу кезінде тараптар дұрыс мекенжайды, оның ішінде электрондық мекенжайды көрсетіп, аталған байланыс деректерін өзектендіріп отыруы тиіс.

Атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап борышкер он жұмыс күні ішінде нотариусқа қарсылық жіберуге құқылы. Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері көрсетілуі тиіс.

Нотариус қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жояды.

Алайда, егер борышкердің қарсылығында өндіріп алушы мәлімдеген талаппен келіспеу себептері көрсетілмесе немесе қарсылық белгіленген 10 күндік мерзімді бұза отырып берілсе, нотариус атқарушылық жазбаның күшін жоюдан бас тартады. Мұндай жағдайларда атқарушылық жазбаға дау айту сот тәртібімен жүзегеа сырылады.

Сондай-ақ, егер борышкердің қарсылықты нотариусқа жеке білдіруге немесе пошта байланысы арқылы жіберуге мүмкіндігі болмаса, қарсылықты нотариустың электрондық поштасына жіберу жеткілікті екенін атап өту қажет.

Б.Тюльтаев, Түркістан облысының Әділет

Департаментінің құқықтық түсіндіру

Және заңгерлік қызмет көрсету

бөлімінің бас маманы

Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу