Өз-ағаның әлемі

Oinet.kz 11-12-2021 812

Screenshot_1.jpg

Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібектің 90 жылдық мерейтойына арналған «Өз ағаның әлемі» атты көрме өтті. Онда Отырар ауданы Шәуілдір ауылы Өзбекәлі Жәнібек атындағы №4 лицей-интернаты, Руханият Әбу-Насыр Әл-Фараби музейі, Қостанай облысы, Арқалық қаласы «Дала өлкесі» мұражайы қайраткерге арналған көрмесін ұсынды. Бұл туралы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы хабарлады.

Көрмеге ұлттық өнер мен мәдениеттің жанашыры атанған ғалым – этнографтың жәдігерлері қойылды. Олардың қатарында Өзбекәлі Жәнібековтің балалық шағы мен қызметтік жылдарындағы фотосуреттері, Қазақстандағы музейлерді ұйымдастырудағы шеберлігі, өзінің тұтынған заттары – фотоапараты, қол сөмкесі, қаламы, шапаны, бас киімі, қаламынан туған «Отырар», «Қазақ киімі», «Жолайрықта», «Тағдыр тағылымы», «Эхо» сынды кітаптары мен мақалалары, Торғайда қызмет атқарып жүргенде берілген естелік заттары, жұмыс бөлмесінде пайдаланған мәрмәрдан жасалған қаламсабы бар. Сонымен қатар, Өзбекәлі Жәнібековтің жеке кітапханасындағы шетел әдебиеттері мен отандық жазушылардың кітаптары да көрмеге келушілерге таныстырылды. 

Ұлт жанашырын мәңгі жадымызда сақтау - әрбір қазақтың парызы деп санаймыз! Мұндай тағылымды шара әлі де өз жалғасын таба береді, бүгінгі көрме-экспозиция осының бір айғағы іспеттес.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Мақтааралдың жай-күйімен танысты
​Шымкентте «Дара» фильмінің тұсаукесері өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу