Соғыстың соңғы жесірінің тағдырын жеткізген

Oinet.kz 15-12-2022 1659

Screenshot_1.jpg

Түркістан қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің  қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумда студенттердің Шераға туралы жазған шығармалары  оқылып, оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындардан көрініп, арнайы марапатқа ие болды. Назарларыңызға Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасысының студенті Балнұр Қайратқызының шығармасын ұсынамыз.

Қазақ әдебиетті жазушылардан кең де емес. Асқар ойлы , бергені де , берері де мол ,айтар ойы салмақты  , әлемдік жазушылармен тікетіресе алар қаламгерлер баршылық. Сол ұлы жазушылардың арасынан ойып тұрып орын алатын, заңғар тұлғаның бірегейі Шерхан Мұртаза. 

Шерхан ағаның қай шығармасы болмасын, философиялық ой айтылып, оқырманды жазу стильмен баурап, сюжеттің шиеленісуімен қызықтырып, үлгі-өнеге берері күллі әдебиетшіге  тайға таңба басқандай анық байқалады. Осы орайда көтерген мәселесі ,қозғаған тақырыбы көлемінен екі-үш есе ауқымды шығармасының бірі «Соғыстың соңғы жесірі" әңгімесің талдамақпын. 

Ұлы Отан соғыс жылдарындағы халық өмірін суреттей отырып, теңдессіз махаббатты , психология ,адалдық һәм бақыттың кілтін баяндайтын бұл көркем туынды 2003 жылы жазылған. Талдауға кіріспес бұрын, мазмұнына қысқаша тоқталайын. 

Оқиғаның басы қарттар үйін пана еткен, орыс кемпірі Ольга мен сексендегі Хадиша әжеден бастау алады.  Ольганың сырт келбетіне аз кем тоқталып , қорылдап ұйықтайтың болғандықтан, ешқандай бөлмеге сыймай, Хадишаның жанынан жай табады. Әрмен қарай оқиға Хадиша мен Мақсұттың алғашқы баласы Жанат туылып, Мақсұт асыл жарына тау басындағы еңлік гүлін әкелуге кетіп, содан оралмайды. Алпыс жылдан астам уақыт күтіп, әмеңгерлік салты бойынша қайын інісіне тұрмысқа шықпай, бар ғұмырын аяулы күйеуің күтуге арнап, өмірінің соңғы кезеңдерін жарық дүниені көре алмаған кейіпте, қарттар үйінде өткізіп, ақыр соңында терезеден құлап қайтыс болуымен аяқталады.

Әдепкі де әңгімені оқығанда жай ғана соғыс жылдарындағы жесір әйел өмірін яки образын суреттеген туынды ретінде көрерсіз?! Ал ішіне кіріп, қаламгердің әр сөйлеміне, сөз тіркесіне мән берсеңіз, бір романның беретін пәлсапасының бір емес, бірнешеуін тауып аласыз.  

«Тым назданып кеткен ғой. Тәлпіш деуге келмейді. Назды. Адам байғұс қол жетпеске құмар. Құмар да емес, құштар. Қол жетпеске құштарлықты Құдайдың өзі қаламайды ғой. Адамға нысап керек. Нысапсыз болсаң, налаға қаласың. Құдай нысапсызды қаламайды».

Хадиша қолыңдағы гүлге қанағат етпей, өз өмірін құрбандыққа шалған жан. Қазіргі кезде қоғам арасында жиі кездесетін жайт. Әйел болсын, ер адам болсын әлеуметтік желідегі жұлдыздардың өміріне қызығып, өз өмірлерін құнсыздандырып, кейде алданып , алаяқтардың жемтігіне айналып, қол жеткізбес сағымды қуып, бақытсыздықты қолдан жасап алған адамдар қаншама?! 

Жәдігерлер мекенінің жаңа ғимараттағы бір жылы: не атқардық, жоспарда не бар...
Шерхан Мұртаза шығармашылығының бастауы журналистикадан келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу