Шерхан Мұртазаның проза-публицистикасындағы көркемдігі ерекше

Oinet.kz 15-12-2022 514

Screenshot_5.jpg

Еліміздегі әрбір дәрігер халық жазушысы Шерхан Мұртазаның “Дәрігердің үшінші қаруы” әңгімесін оқу керек. Бұл туралы Түркістан қаласында өткен Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөздің көшбасшысы, көсемсөздің  қолбасшысы» атты халықаралық симпозиумда айтылды. Симпозиумда студенттердің Шераға туралы жазған шығармалары  оқылып, оқ бойы озық шыққандар жүлделі орындардан көрініп, арнайы марапатқа ие болды. Назарларыңызға Халықаралық қазақ-түрік университеті, Филология факультетінің студенті Нұржан Арманның шығармасын ұсынамыз. 

"Шерхан Мұртазада елі үшін өмір бар ғұмырының  арнады. Мен бұл мақаламда Шерхан Мұртазаның “Дәрігердің үшінші қаруы” атты әңгімесін талдаймын. Әңгіме аэрофордта болып жатқан қауырт тіршіліктен басталады. Шығармада Көктоғайға асыққан- Әшім жайы баяндалады. Әшім өзін қоярға жер таппай, аэрофорд қызметкерлерінен Көктоғайға рейс қашан болатынын қайта-қайта сұрайды. Әшім жанындағы жолаушыларға қарағанда  соншалықты қайда асықты?

Оның жайы бір бөлек. Әшім адам жанын арашалауға асығып барады. Оны сарғайып күткен Сырға бар. Сырға аяқ-қолы қимылсыз қалған сондай дертке шалдыққан қыз. Ол соңғы үмітпен Әшімді күтіп отыр. Әшім ауданға ауруханаға жұмысқа орналасқалы осы Сырғаны емдеумен айналысты. Сырқатты емдеу тек тән жарасын жазу емесқой, жан жарасын да емдей білуі тиіс. Сырғаның ауыр дертке шалдыққанын көрген күйеуі оны ауруханаға жатқызып, аңшыдан қашқан қоянша ізім-ғайып жоғалды . Содан бері бір рет хабарда алмаған . Байғұс қыздың тән жарасына жан жарасының қосылуы ауыр соққы болды.  

Тіпті біреу құздан итеріп жібергендей, ол өзін өлі санағалы қашан. Сырғаны алғаш көрген Әшім оған бар жақсы сөздерін айтып ,оны үмітін үзбеуге шақырды.Сырғаны терезенің алдына жатқызды себебі сырттағы тіршілікті көрсе өмірге деген құлшынысы оянар деді. Сырға күннің көзін көріп ,бұлтсыз аспанда қалықтап ұшқан құстарға қарап өмірге қайта келгендей болды. Әшімде Сырғаны қазіргі заманда емі жоқ дерт жоқ, сеніңде дертіңнің емі табылған үмітіңді үзбе деп көңіліне сенім ұялатып үзілген үміттерді қайта жалғады. Өзіңіз ойлаңызшы бір ауыр дертке тап болдыңыз сонда сізге дәрігер келіп уайымдамыңыз сауығып кетесіз десе құтқарушы періштеңіз айтқандай еріксіз иланасызғой. Сол сезім Сырғаныда тербеп дәрігер дертімнің дәрісін қашан әкелер екен деп үмітпен көз ілмейтін болды. Бұрын бұлай жатқанша өлгенім жақсы дейтін Сырға енді үмітпен, өмірге деген махаббатпен көз ілмейтін болды. Әшімніңде сол үмітті сөндіріп алмайын деп қыздың дертіне дәрі іздеп міне сол дәріні тауып енді Көктоғайға қайта алмай отырған жайы осы еді. Әшімнің Көктоғайға асығу себебі бір жанның жанын сақтау қалу. Шығарма Әшімнің Көктоғайға қарай ұшып кеткенімен аяқталады. Әшім өзінің алдында тұрған жауапкершілікті сезеді".

Мырзашөлден шыққан талант
Бүкіл тарихи дәуірдің тынысын шебер бейнелеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу