Қостақыр ауыз судың азабынан құтылады

Oinet.kz 21-05-2020 514


Screenshot_9.png

Түркістан облысы Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округі Қостақыр елді мекеніне ауыз су құбыры бүгінгі таңғы дейін жүргізілмеген болатын. Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды көршілес елді мекендерден тасмалдап ішіп келген. 

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев биылғы қорытынды есеп беру кездесуінде, аталған ауылдың тұрғындарына ауыз судың мәселесін толықтай шешіп беруге уәде берген еді.

Бұл елді-мекенге 2016-2017 жылдары жер асты су қорын іздеу барлау жұмыстары жүргізілген болатын. Жетісай ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабараулынша,  барлау жұмыстары оң нәтиже беріп биыл аяқталды. Қостақыр елді мекеніне жергілікті бюджеттен жалпы суммасы 10 314,58 мың теңге қаржы қарастырылып, ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын ауыз су жүйесімен,1 дана ауыз су мұнарасын орнатылды. Ауыз су жүйесін қыркүйек айына дейін толығымен аяқтап ел игілігіне тапсыру жоспарлануда. Тиісті жұмыстардың дер кезінде аяқталуын аудан әкімі өз бақылауына алған.

Жалпы Түркістан облысындағы елді мекендерде ауыз су мәселесі жыл санап оң шешімін тауып келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде аудан, қалаларда ауыз су жүйелері жаңғыртылуда. 


Аудан әкімдері «тікелей эфирге» шығуда
Түлкібаста кәсіпкерліктің тынысы кеңейеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу