Жылыжайдан үшінші өнім алу жұмыстары басталды

Oinet.kz 21-05-2020

Screenshot_11.png

Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығы саласында тың жаңалықтар көп. Республикадағы жылыжайлардың басым бөлігі күнгейде орналасқан. Шаруалар жаңа технологияларды да жақсы меңгеруде. Тамшылатып суару әдісі ендірілген егістіктің  басым бөлігі де Оңтүстікте. Соңғы жылдары өңірде жаңбырлатып суару әдісіне ден қойды. Сонымен бірге диқандар бір жерден жылына үш өнім алу тәжірибесін меңгеруде.

   Жетісай ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан бойынша 21 гектар аумаққа жылыжай салынған. Оның 15 гектары жергілікті нарыққа бақша дақылдарын өсіріп отырса, қалған 6 гектары шаруаларға дайын көшет өндіріп береді. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай жылыжайдың бірі Асықата кентінде орналасқан тамшылатып суғару әдісімен жұмыс істейтін "КХ ДОСЖАН" шаруа қожалығы. Бүгінгі таңға дейін 2 гектар аумаққа орналасқан жылыжайдан екінші өнімінен 12 тонна қияр, 20 тонна қызынақ, және 25 тонна баклажан секілді бақша дақылдарын жинап алған. Өнімдердің барлығы жергілікті сауда орындарында көтерме бағамен сатылып келеді. Былтыр аудан бойынша 15 гектар жылыжайдан 600 тонна өнім алынған. Қосымша айта кететін болсақ, аталмыш жылыжайдан алғашқы өнім ретінде 80 тонна қызынақ жинап алынған. " Енді 2 апта көлемінде барлығын сатып бітіріп, үшінші өнім алу үшін жұмыстарды бастаймыз дейді" шаруашылық төрағасы Дүйсенхан Утанов


Түлкібаста кәсіпкерліктің тынысы кеңейеді
Мақтааралда ерікті әскерилер марапатталды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×