Қазығұрт: Қаулылар іске асырылуда

Oinet.kz 08-07-2020 777

image.png

Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан облысы аумағында пандемиямен күрес жұмыстарын күшейту тапсырмасына сәйкес Қазығұрт ауданында COVID-19  вирусына қарсыіс-шаралар атқарылуда .

Қазығұрт ауданы аумағында короновирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №37 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімінің №38 нқ  өкімімен Карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі штаб құрылған.

Мобильдік топтың құрамы мамыр қайта жасақталды. Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №23 №24, №25, №26 қаулыларын іске асыру мақсатында штабтың шешімімен іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік органдарға жолданған.  

Маусым-шілде айларында аудан аумағының 13 ауыл округінде короновиустық инфекция ауруының алдын алу мақсатында жалпы 220 ортақ пайдаланудағы көше, тротуарлар мен алаңдардың 180139 шаршы метрі, 450 шақырым жол дезинфекциялаудан өткен. 

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 51 059, жазылып шықты - 16 928, қайтыс болды - 264 адам.

Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 1376 адамнан анықталды.

Қазығұрт: Карантин режимін бұзғандарға шара қолданылуда
Қазығұрт: Шектеу шаралары күшейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу