Бәйдібек: Егістіктің жағдайы жақсарып келеді

Oinet.kz 05-08-2020 527

Биыл егістік көлемі қанша?

Бәйдібек ауданы бүгінгі таңда шаруашылық саласында алдыңғы сапта жүрген Оңтүстік өңірінің аудандары қатарынан. Бұлай деуге ондағы шаруалардың жұмыстары толықтай негіз бола алады. Ауданға қазірде егін, мал шаруашылықтарына басымдық беріліп, шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырған да жайы бар.

Аудандағы "Ерсұлтан Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өздеріне тиесілі жерлерін толықтай мақсатты игеріп отыр. Жыл сайын астық өндіруден үздіктер қатарынан табылатын "ЕрсұлтанАгро" ЖШС-і биылғы жылы да көш бастап тұрған жайы бар. Биылғы жылы астықты толықтай орып, өнімін өткізіп болған соң, серіктестік техникаларын жаңартып, жаңа технологиялармен жабдықтауды жоспарлап отыр екен. Сонымен қатар, егістіктің алғашқы өнімін ауыл тұрғындарына қол жетімді бағада жеткіздіріп беруді де естен шығармаған. Ол әрине бірінші кезекте ауылға көмек.

«Бағалай білсең жер жомарт» дегендей "ЕрсұлтанАгро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы уақытта өтетін жер телімдерінің конкурсына қатысуға ниет етіп отыр. Мақсаты - жерін кеңейтіп, астық пен мал азығын көбейту, пайдаланбай жатқан жерлерді толықтай игеру. Себебі, қазіргі таңда кейбір шаруалар жер телімдерін пайдаланбай жатқан жайы бар.

Шардара: Әкім ауылдастардың тіршілігімен танысып қайтты
Ордабасыда коронавируспен ауырған соңғы науқас толықтай айықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу