Шардара: «Қамқорлық» бағдарламасы аясында баспаналы болғандардың алғысы шексіз

Oinet.kz 06-08-2020

image.png

Жақсылығын жасап, қайырымын күтпеген қазақ сонаудан жақынын жатқа жем етпей, кедейі мен жесірін жерге тастамаған халық. Сол әдет бүгінге дейін жалғасып келеді. Қиын қыстау кездеңде баспаналы болған шардаралық тұрғындар соған куә болса керек.

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен іске асы­рылған, көмекке мұқтаж жандарға демеу болған «Қамқорлық» бағдар­ламасының шарапаты тигендердің саны бүгінде артып келеді. 

Бағдар­лама аясында күнкөрісі төмен көпбалалы отбасыларды және жүріп-тұруы қиын мүм­кіндігі шектеулі азаматтарды баспанамен қамту Шардара ауданында да қолға алынған болатын. Бұл орайда биыл 9 баспана беру жоспар­ланған екен. Ол жоспар артығымен орындалып, 12 баспана беріліп отыр. Жыл соңына дейін тағы да 3 тұрғын үйді тапсыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар Шардара ауданында мемлекет тарапынан 4 қабатты, 40 пәтерлі 2 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуда. Яғни жыл соңына дейін үй кезегінде тұрған 80 отбасы баспаналы болады. Бүгінгі таңда Шардара ауданында атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген 1713 отбасы болса, оның ішінде баспанасы жоқ тұрғын үйге мұқтаж 12 тұрмысы төмен көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасылар баспанамен қамтамасыз етіліп отыр. 

«Ауданда «Қамқорлық» бағдар­ламасы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған, қала, ауылдық округтерден анықталған 58 отбасыға демеу­шілер есебінен 2 599,2 мың теңгенің әлеу­меттік көмегі көрсетілді. Сондай-ақ 58 отбасының еңбекке жарамды 24 мүшесі жұмыспен қамтылған. Одан бөлек жалпы сомасы 25,7 млн теңгеге демеушілер есебінен 6, яғни Шардара қаласынан – 4, Қоссейіт және Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінен бір-бірден тұрғын үй берілді. Аудан бойынша 722 «Алтын алқа» иегері, 2027 «Күміс алқа» иегері, 136 – «Батыр ана», 124 I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналар бар. Оларға және жағдайы төмен отбасыларға жергілікті әкімдік тарапынан үнемі көмек көрсетіліп келеді. Бала – болашағымыз десек, аналар – сол болашақтың негізін қалаушылар. 

image.png

Әлем­нің жарығын сыйлаған асыл жандарға жәрдемақы болсын, өзгесі болсын, қандай құрмет, қолдау көрсет­сек те жара­­сады», дейді аудан әкімі Қай­рат Жол­дыбай. Ал аудандық жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағдарла­малар бөлімінің басшысы Ж.Тұрлы­бековтің хабарла­уынша, төтенше жағдай кезінде кіріссіз қалуға байланысты 34936 адамнан өтініш ке­ліп түскен. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шар­да­ра аудандық бөлімшесіне 34788 өті­ніш, Шардара аудандық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 148 өтініш қабылданған. «Бөлімге түскен өтініштер Халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі штабта қаралып, 134 адамның өтіні­ші колданыстағы заңға сәйкес кері қайтарылды, бір жеке тұлға және 13 заңды тұлға өтініштеріне оң қорытынды беріліп мемлекеттік корпорацияға жолданды. 

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияның аудандық бөлімшесіне 1 кезеңге 20288 өтінішке банктер арқылы жәрдемақы төленсе, 94 өтініш­тен бас тартылған. Төтенше жағдай режі­мі­нің ұзартылуына байланысты 2 кезеңге 17201 адамға 42500 теңге әлеуметтік төлем қайта төленді», дейді Ж.Тұрлыбеков. 

Биылға мемлекеттік атаулы әлеу­­меттік көмекке бюджеттен 1 173,1 млн теңге бөлінген. Оның 1 065,6 млн теңгесі республикалық, 107,5 млн теңгесі жергілікті бюджеттен. 

Мемлекеттік атаулы әлеу­­меттік көмек алуға 1713 отбасын қатыстыру (9873 адам) жос­­парлануда. Оның ішінде 223,4 млн теңге 1-6 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеу­меттік пакеттер үшін қарас­тырылған. Биыл 6 айда 636 отбасыдан құжат қабылданып, оның 533-іне 107,6 млн теңге тағайын­далып, толығымен төленді. 100 отбасының құжа­тынан комис­сияның шешімі бойын­ша бас тартылып, қалған 3 отба­сы­ның құжаттары комиссия қарауына ұсынылған.
«Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қолдау министрінің «Төтен­ше жағ­дай кезеңінде әлеуметтік-еңбек сала­сында мемлекеттік қызметтер көрсе­тудің және ха­лықт­ың жекелеген санат­тарын азық-түлік және тұрмыстық жиын­тығымен қамтамасыз ету­дің кейбір мәселелері туралы» бұй­рығына сәйкес, мемлекеттік атау­лы әлеуметтік көмек алуға I тоқсанға қабылданған 485 отба­сының әлеуметтік төлемдері II тоқсанға ұзартылды. Оларға та­ғайындалған қаржы 106,7 млн теңге, бүгінгі таңға тағайындалған қаржының республикалық бюджеттен 86,7 млн теңгесі сәуір, мамыр айларына төленді», дейді бөлім басшысы. Жалпы ауданда 2020 жылға күнкөріс деңгейінен төмен халық­тың үлесін 27,1 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр

Шардарада жолдар күрделі жөндеу жұмыстарынан өтуде
Сарыағаш: Су ережелерін сақтау маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×