Түлкібас: 3 өзекті мәселе қаралды

Oinet.kz 04-08-2020 609

image.png

Карантин талаптарына немқұрайлылық танытуға болмайды. Салдары өзіміздің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төнуіне алып келуі мүмкін. Осы орайда Түлкібаста аудан әкімінің қатысуымен жиын болып өтті. Жиында қазіргі таңда өзекті болып тұрған 3 негізгі мәселе қаралды.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының бөлімше басшылары мен қызметкерлері және дербес бөлім мен мекеме басшылары қатысты. Ауылдық округ, кент әкімдері ВКС(онлайн) режимінде қатысып отырды.

Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Егембердиев бюджеттің игерілуі мен болжамды орындалуы туралы баяндап, дербес бөлімдермен ауылдық округ, кент әкімдіктердегі қаржыны игеру бағытындағы кемшілік тұстарды қамтыт өтті.

Жиында сондай-ақ аудан бойынша эпидемиялық жағдай мен мобильдік топтардың жұмысы талқыланып, астық жинау науқанының барысы мен егін алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары пысықталды.
Аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жұмысты жүйелендіру мақсатында тиісті дербес бөлімдер мен округ әкімдеріне және мекеме басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеп, белгіленген мерзімде сапалы орындау қажеттігін ескерді.

Түлкібаста қияр егістігі мол өнім берді
Ордабасы: «Тауар таңбасын заңсыз пайдалануды болдырмау» бойынша семинар өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу