Шардара: Әкім ауылдарды аралады

Oinet.kz 07-08-2020 534

image.png

Шардара ауданының барлық жер көлемі 1 287 225 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы 189061 гектар,оның ішінде егістік жерлер 57508 гектар,оның ішінде суармалы егістік 57508 гектар, көпжылдық екпе ағаштары 488 гектар, жайылымдық 109358 гектар.

Өңірдегі шаруашылықтың ахуалын біліп қату мақсатында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай және бір топ сала мамандары аудандағы 10 ауылдық округте болып қайтты. Аудан басшысы ауылдардағы диханшылық, мал шаруашылығы, газ, су, жол және тағы да басқа мәселелерді қарап, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған өзекті сұрақтарды тыңдап, толыққанды жауап берді. 

Сондай-ақ, көтерілген бірқатар маңызды мәселелер бойынша сала мамандарына тапсырма беріп, орындалуы бақылауға алынатындығын атап өтті.

Шардара ауданында бүгінгі күні пандемиялық ахуал толықтай бақылауға алынған. Жергілікті билік те мерзімді түрде аудан халқының, ауданға қарасты ауылдар тұрғындарының жағдайынан хабардар болып отыр.

Шардара әкімі ауданның қазіргі жағдайына шолу жасады
Сайрам: Санатория шипасын тигізеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу