Сайрам: Жаңа емхана халық игілігіне жарап тұр

Oinet.kz 07-08-2020 485

image.png

Сайрамда жуырда ауысымына 500 адамды қабылдай алатын жаңа емхана 20 төсек-орындық күндізгі стационарда емделушілерді қабылдап, заман талабына сай жедел жәрдем қызметін көрсететін емхана қолданысқа берілген болатын. Жаңа емхана пневмония, бронхит белгілері байқалған, сондай-ақ  суық өткен, тұмау тиген тұрғындарды қабылдайды.  Қаланың қай түпкірінен хабарласса да, науқас жедел жәрдем көлігімен дереу осында жеткізіледі. Мұнда арнайы медициналық тексеруден өтіп, індет белгілерінің бар-жоғы анықталады.  

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев Сайрам ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген емханаға барып, жұмысымен танысып қайтты.

- Өңірдегі жағдайға қатты алаңдап, бәрін көзбен көруге, қолдан келгенше көмек беруге асықтым. Ал қазір көріп, көз жеткізген соң көңілім көншіді. Осындай аасапыран кезде өз денсаулығына төнетін қауіп-қатерді ұмытып, аянбай қызмет еткен медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, - деді Ф.Қаратаев.

Мәжіліс депутаты дәрігерлермен және қабылдауға келген аудан тұрғындарымен сұхбаттасып, емханадағы жасалған жағдайға оң көзқарасын білдірді.

Ел Президентінің басшылығымен індеттің таралуына қарсы іс-шаралардың мәнін түсіндірген Ф.Қаратев емханадағы желдету жүйесінің жоқтығына назар аударды. Аталған кемшілікті жою мақсатында Түркістан облыстық құрылыс басқармасымен келіссөздер жүргізетінін тілге тиек етті

Сайрам: Санатория шипасын тигізеді
Сайрам: Су құбырлары жөндеуден өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу