Бәйдібек: Эпидемиологиялық жағдай әкім назарында

Oinet.kz 07-08-2020 433

image.png

Бәйдібек ауданында пандемиялық ахуал тұрақты. Бүгінде ауданда карантин талаптарына сай дезинфекция мен, бағаны бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топтар жұмыс жасайды.

4 тамыз күні аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков «Пандемияға қарсы күрес бойынша» фейсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, аталған тақырып бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған болатын.
Бүкіл әлемде үстіміздегі жылдың басында басталған пандемия көптеген қиындықтар туындатып отырғаны баршаңызға белгілі. 

Аудан аумағында бүгінгі күнге дейін коронавирустық инфекцияның расталған 100 жағдайы тіркелді. Олар 16 азамат – жұқпаны сырттан әкелген, 36 азамат – қарым-қатынас арқылы, 10-ы – медицина қызметкері, 38 азамат – скрингтік тексеру барысында анықталған.
Ауру ошақтарында қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, жалпы 6575 шаршы метр аумақ залалсыздандырылды.

Сондай-ақ, ҚР-да COVID-19-дан сауығып кеткендердің саны 63%-дан асты. Ауру жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 1,7%-ға дейін азайды, стационарлардағы орындардың жүктемесі 46%-ға дейін, жедел жәрдемді шақыртулар саны 38%-ға төмендеді. Өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген. 

Бәйдібек ауданында қайырымды іс жасалды
Бәйдібекте науқастар саны азайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу