Сайрам: Әкім тұрғындарды мерекемен құттықтады

Oinet.kz 11-08-2020 426

image.png

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленген болатын. Осыған орай Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Ұлы «Абай күнімен» сайрамдықтарды да құттықтады.

«Мемлекет Басшысының тапсырмасымен Үкімет 10-шы тамызды «Абай күні» деп бел­гіледі. Бүгін елімізде тағы бір мерекелі дата күнтізбеден орын алды.

Бұл мерекенің ерекшелігі - "Абай күні" деп аталуында. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өз мақаласында адам баласын білім алуға, тәрбиелі болуға, кәсіп үйренуге дәріптеген, ынтымақты ту етіп ұстануға шақырған қазақтың ұлы философы деп атап өтті.

Абай шығармалары әлемнің отыздан астам тіліне аударылған. Себебі, қазақ ойшылы ұлттық намысты қайрап ғана қоймай, адами құндылыққа зор мән берген.

Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік біліп, бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған Абайдың шығармалары қай жастағы оқырманға да ой салады.

Өмірдің құндылығын жете ұғындырған қазақ ойшылының жазба әдебиетке, проза мен поэзияға қосқан үлесі орасан.

Бүгінде елі реформатор деп таныған Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында, ақынның құрметіне "Абай күні" мерекесін белгілеу - әдебиет, мәдениет саласына жасалған үлкен құрмет.

Бүгінгі мереке баршаға құтты болсын! "Даналардан шыққан сөз - талаптыға болсын кез" демекші, еліміз Абайды танып, шығармаларын оқитын саналы ұрпаққа бай болғай.»

Сайрам: Қоршаған ортаны қорғау міндетіміз
Сайрамдық ауылда ерекше дәстүр қалыптасқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу