Бәйдібек: 44 инфрақұрылымдық жоба іске асты

Oinet.kz 11-08-2020 501

image.png

Биыл Бәйдібек ауданында «Жұмыспен қамтудың 2020-21 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 44 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Аталған бағдарлама аясында атқарылып жүрген жұмыстарға жергілікті тұрғындар жұмысқұа тартылды.

44 жобаның ішінде 35 жоба мектеп әжетханаларын жөндеуге бағытталса, 2 жобаның жұмысы мектеп ғимараттарының сыртқы қабатын әрлеуге арналды. Тағы бесеуі әлеуметтік нысандардағы өрт сөндіруге арналған қоршау баспалдақтарын жасау.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында 70 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олдарға жергілікті жердің жұмыссыз азаматтары тартылды. Жұмысқа жолданған әрбір жұмысшының айлық жалақысы ең төменгі жалақының 2 еселенген мөлшерінен кем емес.

Бағыты айқын бағдарламаның арқасында екі елдімекеннің жолдары  жөндеу көрді. Бұл жұмыс аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жүзеге асты.

Әзірленген жобалар бойынша тапсырыс берушілер тарапынан құрылыс нысандарының сапалылығына күнделікті бақылау жұмыстары жүргізілуде.


Түлкібас: Орталық кәріз жүйесі жаңарды
Созақ: Жұмыспен қамту - басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу