Созақтық кәсіпкер бірнеше кәсіпті дөңгелетіп отыр

Oinet.kz 12-08-2020 454

Ауылда наубайхана ашыпты

Созақ ауданында кәсіпкерлік қарқынды даму үстінде. Бүгінге дейін нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, бағдарламаның игілігін көрген отбасылар саны 62-ге жеткен.

Мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланған кәсіпкердің бірі  Бағлан Анарбеков. 

Ол арнайы оқудан өтіп, грант қаржысына кәсіпкерлікке қажетті аппараттарын алдым дейді. Шағын асханасы бар азамат грант қаржысының халыққа қызмет көрсету сапасын арттырғанын жеткізді.  

Алдағы уақытта асханасынан  тауық еті өнімімен қатар наубайхана ашып, жаңа жұмыс орындарын көбейтуді жоспарлап отыр. Елдегі карантин режиміне байланысты шектеу Бағлан Анарбековтың табысын азайтпай, тиісінше жаңа сервис енгізуге сеп болған. Қазірде кәсіпкер онлайн сату арқылы табысын еселеп, қаржы айналымы ұлғайтуда.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік гранттар экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған Бағдарлама аясында қызмет ететін кәсіпкерлер қатыса алады.

Кәсіпкердің ұсынылып отырған гранттың көлемінен кемінде 10 пайыз мөлшерінде оны іске асыру шығындарын бірге қаржыландыруы болып табылады. Кәсіпкер грант қаражатын негізгі құралдар мен материалдарды, материалдық емес активтерді, технологияларды, франшизаға құқықтарды сатып алу, зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындарға жұмсау мақсатында пайдалана алады.

Созақ: Жұмыспен қамту - басты назарда
Созақ: Шаруа қожалығы тамшылатып суару әдісін қолданады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу