Бәйдібек астық жинаудан көш басында

Oinet.kz 12-08-2020 495

Елбасы астық жинау науқанын аяқтаған еңбеккерлерді құттықтады

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өңірде алдыңғы қатардағы ауданның бірі – Бәйдібек. Сондықтан да ауданда дәл осы бағытты дамытуға ерекше басымдық берілген. Үстіміздегі жылдың 6 айында бәйдібектік шаруалар тағы да өнім жинаудан алдыңғы қатардан көрініп тұр.

Аудандағы «Ерсұлтан Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өздеріне тиесілі жерлерін толықтай мақсатты игеріп отыр. Жыл сайын астық өндіруден үздіктер қатарынан табылатын "ЕрсұлтанАгро" ЖШС-і биылғы жылы да көш бастап тұрған жайы бар. Биылғы жылы астықты толықтай орып, өнімін өткізіп болған соң, серіктестік техникаларын жаңартып, жаңа технологиялармен жабдықтауды жоспарлап отыр екен. Сонымен қатар, егістіктің алғашқы өнімін ауыл тұрғындарына қол жетімді бағада жеткіздіріп беруді де естен шығармаған. Ол әрине бірінші кезекте ауылға көмек.

Биыл егін шаруашылығында ауа-райы ыстық болып, қиыншылық болып жатыр. Бірақ бидай, арпамызды 17 центнерден алып жатырмыз. Бұл көрсеткіш биылдыққа болады. Бидайды 1000 гектар жерге ектік, арпаны 500, масқары 500 гектарға ектік. Әрине бұл жердің бәрін толық игеріп жатырмыз. Және оны ауыспалы жер егістігіне пайдаланып жатырмыз. Тыңайтып, жоңышқа егіп, 4 жылда бір айналдырып дегендей. Құдай қаласа фирмамызды жаңа технологиямен толтыруға үмітіміз бар,- дейді «Ерсұлтан Агро»  ЖШС-нің директоры Ерболат Мырзабеков.

 «ЕрсұлтанАгро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы уақытта өтетін жер телімдерінің конкурсына қатысуға ниет етіп отыр. Мақсаты – жерін кеңейтіп, астық пен мал азығын көбейту, пайдаланбай жатқан жерлерді толықтай игеру. Себебі, қазіргі таңда кейбір шаруалар жер телімдерін пайдаланбай жатқан жайы бар.

Бәйдібек: 50 орындық инфекциялық госпиталь жұмыс істеуде
Ордабасы: Әкім аудан жастарымен пікір таластырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу