Сайрамдағы ең ірі жылыжайдың жыл санап ауқымы артуда

Oinet.kz 17-08-2020 518

image.png

Сайрамдықтар бүгінде жылыжай ісінен кәсіби десек қателеспейміз. Аймақтың бетке тұтар аймақтарының бірі Сайрамда бау-бақша өсіру кең етек жайған.

Бұл өңірге диқаншылық еш таңсық болмаса да, биыл аудан аумағында үлкен жаңалық орын алып, жаңаша жылыжай ашылды. Қарамұрт ауылында орналасқан «Экономинвест С. А» деп аталатын жылыжай- әзірге бұл аймақтағы ең ірі, әрі ең заманауи үлгідегі нысан болып отыр.

 Жалпы құны 7 жарым миллиард теңге болатын бұл жылыжай полшалық инвесторлардың күшімен салынған. Әзірге аумағы  11 гектарды құрайтын бұл жылыжайда қиыр мен қызанақ өсірілуде.  Қазір алғашқы өнімдержі жинау жұмыстары да аяқталып келеді.

Жылыжай кәсібіне қызығушылық танытқанның бірі – Мурад Галиашвилидің айтуынша заманауи жылыжайдың салынуы әсерінен  осындағы бірқатар елдімекен тұрғындарына  жаңа жұмыс орындары ашылды.

Олар осы жерден нәпақа айырып, тіршілік кешуде.   Дәл қазіргі таңда мұндағы маусыдық жұмыстарға 250 –   ге жуық жұмысшы тартылған.

Ерекше жылыжайдың  өнімдері қазір ел аумағы мен Ресей мемлекетіне жөнелтілуде.  Қазір мына өнімдер толық жиналып алынған соң мамандар екінші өнім егуге кіріспек.

Жалпы қызанақтың пісу уақыты 100 күн.  Бұйыртса ендігі егілген қызанақтар қара күздегі  қарашаның соңында пісіп қалады.  Ал оның өнімдері алты ай бойы жиналатынын ескерсек,  бұл деген бүкіл қыс пен ерте көктемге дейін өнім болады деген сөз.

Сайрамдық 100 кәсіпкер мемлекеттік грантқа ие болды
Сайрамда жаңа жарықшамдар орнатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу