Бәйдібек: Егістік көлемі ұлғайды

Oinet.kz 17-08-2020 492

Елімізде егістік жұмыстары аяқталды - Қазақстан және әлемдегі ...

Былтырғы жылы аудан облыс көлемінде жеткен жетістіктеріне байланысты алдыңғы сапта тұрған болатын. Биыл да ол нәтиже жыл соңына дейін қайталанады деп күтілуде.  

Аудандағы шаруашылықтың жағдайын баяндау мақсатында "ADAL KOMEK" жобасы аясында Бәйдібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Альфия Қалиеваның бөлімде атқарылып жатқан жұмыстар барысы мен алға қойылған жоспарлар" тақырыбымен тікелей эфирге шықты.

Маманның айтуынша биылғы жылдың бастапқы 6 айында нақты өнім көлемі 102,6 %-ті құраса, нақтылай айтқанда 6,462 миллион теңгені құрайды. Яғни былтырғы жылға қарағанда мал шаруашылығы 507 миллионға, егін шауашылығы 41 миллионға артқан екен. 

2019 жылы егін егілетін жер көлемі 91,800 гектарды қүраса, 2016 жыл бұл көрсеткіш 64 мың га көрсеткен. Яғни егістік алқабы жылдан-жылға үлкейіп, сәйкесінше ондағы өнімнің көлемі де артып келеді.

Ал биылғы жылы бұл көрсеткіш мейілінше жоғарылап, 101 мыңнан астам гектарға ұлғайып отыр. Яғни былтырғы жылға қарағанда 110 %-ке артық игерілген болып отыр. Облыс бойынша бұл өте жақсы көрсеткіштердің бірі.

Сайрамда жаңа жарықшамдар орнатылды
Бәйдібек: Мал шаруашылығында жетістіктер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу