70 көше жыл соңына дейін қолданысқа беріледі

Oinet.kz 17-09-2021

Screenshot_43.png

Шымкент қаласындағы жол құрылыс-жөндеу жұмыстарының 65 пайызы аяқталған. Атап айтқанда биыл 182 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлаған болса, бүгінде соның 96-сы орындалған.  

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, биыл 15 нысанда құрылыс жүріп жатыр. Оның тоғызы келесі жылы аяқталар болса, біреуі пайдалануға берілген. Қалғаны жыл соңына дейін аяқталады. Ал 49,8 шақырымды құрайтын 4 нысанда күрделі жөндеу жұмысын жүргізу межесі қойылған, бүгінде оның үшеуінде жұмыстар аяқталып, пайдалануға тапсырылған. Соңғы нысан қараша айында аяқталады.  

Ауқымды жұмыстардың жоғарғы үлесін орташа жөндеу және шағал тас төсеу жұмыстары алып отыр. Нақтырақ айтқанда, 189,3 шақырымдық 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазір оның 98,9 шақырым жолы, яғни 89 көшеде жұмыстар аяқталған. 70 көше жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. 

Шалғай орналасқан елдімекендерге де қолайлы жағдай жасау туралы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бұл жылы 277 жолға шағал тас төселмек. 8 ай ішінде 256 нысанға шағал тас төселді. Бұл 149,2 шақырымды құрайды. 

Сонымен қатар, басқарма тарапынан 250 аялдаманы жаңарту қолға алынған болатын. Бүгінге дейін оның 222-сі қойылды. 


Шымкент дүниежүзілік ұйымға мүше болуы мүмкін
Жастармен жүздесті


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×