Түркістан облысының Келес ауданында жолдар 97 пайызға жаңарады

Oinet.kz 16-09-2021 365

Түркістан облысы, Келес ауданында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауыл жолдары жөнделіп жатыр. Атап айтқанда, Ошақты елді мекенінің жолдары жыл соңына дейін 97 пайызға жаңармақ. Жол жөндеу жұмыстары Қошқарата ауылдық округінде де қарқынды. Бірнеше көшеге шағал тас төселуде.

image.png

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жасалып жатқан ағымдағы жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Ондағы Қошқарата және Ошақты ауылдық округін аралап, атқарып жатқан жұмыстармен танысты.

Бағдарлама аясында іске асып жатқан жол жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігерлерге нақты тапсырма берілді. Атап айтқанда жұмыс сапасы мен мерзімінен кешікпеуі, жұмысшылармен толық қамтамасыз етуін ескертті. Қошқарата ауылдық округіндегі Парасат және М.Әуезов көшелерінде болған аудан әкімі жергілікті бюджет есебіне атқарылып жатқан 5 шақырымдық шағал тас төсеу жұмыстарымен танысты. Жалпы Қошқарата ауылдық округінде жергілікті бюджет есебінен 5 көше жөнделеді. Оның біреуі орта жол жөндеу жұмыстары болса, 4 көшеге шағал төселеді.

Аудан әкімі Ошақты ауылдық округінде болып, “Ауыл - Ел бесігі” бағдарламасы бойынша Ошақты елді мекені орталығынан өтетін КХ-72 «Абай-Шардара» облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойын абаттандыру жұмыстарын бақылады. Жалпы 2,8 шақырым жолға аяқжол, суағар, жарық шамдары, екі демалатын орын, орындықтар және қоқыс жәшіктерін орнату жоспарланған. Қазіргі таңда аяқжол, суағар орнату жұмыстары және жарық шамдарды орнату үшін қазу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Ошақты ауылдық округінде 9 көше “Ауыл - Ел бесігі” абаттандырылса, 6 көше жергілікті бюджетпен жөнделеді. Жыл соңына дейін ауылдық округі Ошақты елді мекенінің жолы жөнделген көшелерінің көрсеткіші 97 пайызды құрамақ.

Айта кетейік биыл Келес ауданы бойынша «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Ошақты ауылдық округінің Ошақты елді мекеніне және Біртілек ауылдық округінің Жолбасшы елді мекені, Жүзімдік ауылдық округі Жүзімдік елді мекенінің ішкі автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы 18 ішкі көшеге 29,9 шақырым жолды жөндеуден өткізу жоспарланған.

Түркістан облысының жүзден асқан қариялары онлайн санаққа қатысты
Түркістан облысында отбасымен онлайн санаққа қатысушылар көбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу