Жаңа спорттық-сауықтыру кешені бой көтермек

Oinet.kz 15-10-2021 480

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында: «Олимпиададан кейін отандық спорттағы жағдайды бөлек қарастыру қажет. Денсаулық кілті – дене шынықтыру. Қайталап айтамын: бұқаралық спортқа, балалар спортына барлық жағдайды жасау қажет. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымының кезең-кезеңімен құрылуын қамтамасыз етуі керек» - екендігін атап өткен болатын.  

image.png

Осы орайда, спорт саласын дамыту мақсатында Қазақстанның түкпір түкпіріндегі облыс, қала мен елді мекендерде түрлі шаралар қолға алынуда. Бүгінде спорт саласы басымдыққа ие болып отыр. Сондай-ақ, спортты дамыту бүгінгінің өзекті мәселесіне айналуда.  

Осы негізде, Ордабасы ауданы Төрткүл ауылдық округіндегі спорттық-сауықтыру кешенінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ендігі кезекте ордабасылық тұрғындар балаларын спорттың кез келген саласына беріп, жаттықтыра алады. Сондай-ақ, мұнда жаңа спорттық техникалар қарастырылып, болашақ жеңімпаз спортшыларды шығарары сөзсіз. 

Қазақ халқында, «спорт - денсаулық кепілі» - деген жақсы даналық сөз бар. Расында, деннің саулығын және шымыр болуды қаласаңыз спортпен айналысыңыз! 

Интернет қызметінің жылдамдығы тексерілді
Қасым Аманжоловтың 110 жылдығы аталып өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу