Жылына 4500 тонна иірімжіп өндіреді

Oinet.kz 08-10-2021 302

Screenshot_23.png

Шымкенттегі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2019 жылы қайта іске қосылған «Alliance» жіп иіру фабрикасында жұмыс қарқын алған.  Фабрика жылына 5000 тонна мақта талшығын өңдеп, 4500 тонна иірімжіп өндіруге қауқарлы. Оңтүстікте өндірілетін мақтаның барлығын толығымен Шымкент қаласында өңдеу – үшінші мегаполистің экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізеді.  Өткен жылы кәсіпорында 268 млн. 158 мың теңге көлемінде өнім өндірілген. Сонымен қатар, Түркияға – 127 тонна, Ресейге – 40 тонна, Қытайға – 116 тонна және Румынияға – 13 тонна иірімжіп экспортталған. Бүгінгі таңда тігін фабрикасында 78 адам жұмыспен қамтылған. 

Айта кетейік, өткен жылдың 12 айында өңірде өнеркәсіптік өнім өндірісі 2019 жылдан бастап 12,9%-ға 654,2 млрд теңгеге дейін өскен. Эпидемиологиялық жағдай мен карантиндік шектеулерге қарамастан, өнеркәсіптік кәсіпорындар өткен жылы үзіліссіз жұмыс істеді. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласы бойынша өткен жылы 37,7 млрд теңге сомасына 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 22 инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 30,9 млрд теңге сомасына 20 жоба іске асырылып, 1074 жұмыс орны құрылды.


Ауылшаруашылық саласында инвест жобалар көп
28 медицина ұйымы «Ақылды емхана» жүйесіне көшті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу