Шымкенттің спортшылары жарады

Oinet.kz 10-10-2021 302

Screenshot_37.png

Шымкент қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан ҚР Кубогының жекелей және топтық көпсайыс бойынша жеңімпаздары анықталды.

Спорт шебері және спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында өткен бәсекеде Шымкент қаласының командасы 1 алтын, 2 күміс жүлдеге ие болды. 

Атап айтқанда, спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында жекелей көпсайыста Шымкент қаласының өкілі Милана Парфилова1-ші орынды иеленді. Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Топтық көпсайыста Шымкент қаласы спортшылары екінші орынға иелік етті. 

Сондай-ақ, спорт шеберлері арасында топтық көпсайыс бойынша Шымкент қаласының құрамасы 2-ші орынды жеңіп алды. Ариадна Скворцова, Ұлжан Шалмұханбетова, Зере Әбдісадық, Еңлік Ержанқызы, Айсана Ұлықпанова және Виктория Борисова құрамы бұл жолы екінші орыннан көрінді. 

Нұр-Сұлтан қаласы бірінші, Алматы қаласының спортшылары үшінші орынға ие болды. 

  Айта кетейік жарыста еліміздің барлық өңірінен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 330-дан аса спортшы жекелей және топтық сайыс бойынша бақ сынады.  Сайыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі төреші Наталья Мамашева. 

Бүгінгі таңда қалалық көркем гимнастика спорт мектебінде жаттықтырушы-хореографтар құрамы 400-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде. 


Шымкенттің спортшылары жарады
Спорт алаңшалары көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу