Тұрғындардың өтініші жуырда шешімін табады

Oinet.kz 27-07-2022 213

Screenshot_40.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев съезд делегаттарына мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту үдерісі басталғанын айтты. Президенттің пікірінше, «Аmаnаt» осы жүйелі өзгерістерге белсене атсалысып келеді. Сонымен қатар партияның қолға алынған реформаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға қосып жатқан үлесіне тоқталды.

– «Аmаnаt» әлеуметтік әділдік қағидатын орнықтыруға әрдайым баса мән береді. Мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу – ұйымның айрықша миссиясының бірі. Өткен съезде партияға ребрендинг жасау қолға алынды. Сондай-ақ, оны институционалдық тұрғыдан жаңарту жұмысы басталды. Партия бұл міндеттерді орындауға дереу кірісіп кетті. Нақты нәтиже бар, өзгерістерді қазірдің өзінде көріп отырмыз. Осы қарқынды бәсеңдетпей, жұмысты одан әрі жалғастыру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Жетісай ауданы, Алтынсарин ауылына қарасты Жоба көшесінде әлі күнге дейін асфальт жол жоқ.  «AMANAT» партиясының аудандық филиалында өткен қоғамдық қабылдауында ауыл тұрғындары аталған мәселеге қатысты өз шағымдарын жеткізді.

Азаматтардың өтінішін тыңдауға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ә.Асауов, аудандық мәслихат депутаты А.Сұлтанмұрат, «Қазсушар» РМК ТФ мамандары, жауапты бөлім өкілдері қатысты.

Жауапты бөлімнің орынбасары Н.Әлмеш Жоба көшесіне алдағы уақытта асфальт төселетінін хабарлады.

Ал, Атамекен ауылдық округіне қарасты Қоғалы ауылының тұрғыны Д.Қалдыбеков бірден екі мәселені көтерді. Атап айтқанда, екі ауыл арасына тасымалдайтын автобуспен қамтамасыз ету және дренаждарды орнату жайында алаңдаушылық танытты.

Жауапты бөлім өкілдері Қоғалы елді мекені және Атамекен ауылының орталығымен байланыстыратын көлікпен қамту жайында тасымалдаушы мекемемен келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.  Сондай-ақ бүгінгі таңда тік дренаждар орнату мақсатында жер телімінің құжаттары дайындалып жатқандығы да айтылды. Яғни екі өтініш те жуық арада шешімін табады.

Қоғамдық қабылдау барысында бірқатар азаматтың мәселесі оң нәтижесін тауып, қалған арыз-шағымдар бақылауға алынды.

Депутат спорт саласына қатысты ұсынысты өз бақылауына алды
Мал бордақылау алаңы ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу