Арыс қаласынан елордаға автокеруен аттанды

Oinet.kz 24-08-2022 220

Screenshot_16.png

Конституция күніне орай Түркістан облысының шаруалары Нұр-Сұлтан қаласына 500 тонна ауыл шаруашылығы тауарын жөнелтті. Табиғи таза өнімдер тамыз айының 27-28-і күндері Елордада өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шығарылады. Онда құны 478 млн теңге болатын 71 тауар өндірушінің өнімдері қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылады. 113 тонна ет және ет өнімдері, 165 тонна көкөніс, 69 тонна бақша дақылдары, 34 тонна жеміс-жидек пен тағы да басқа өнімдер нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады. 

Осыған орай, бүгін Арыс қаласынан елордаға автокеруен аттанды. Керуен құрамында арыстық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері тиелген жүк көліктері бар.

Жәрмеңкеде өңіріміздің диқандары ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтық сатылымнан 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынады. 

Тоңазытқыштармен жабдықталған ауыр жүк көліктері ел астанасына сиыр, жылқы, қой еттері, сондай-ақ қызанақ, қияр, қауын, қарбыз, қымыран, жалпы 40 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізетін болады.

Айта кетейік, биылғы жылдың 7 айында Түркістан облысының шаруалары 338 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндіріп, 104,4 пайызға арты. Республикадағы үлесі 14,2 % – 1 орын. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 30,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, 102,7пайызға ұлғайды. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында құны 6,5 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске қосылды.  Ауыл шаруашылығы дақылдары 859,9 мың гектарға орналастырылып, дала жұмыстары толығымен аяқталды. Өткен жылдан 14,4 мың гектарға ұлғайды. Бүгінгі күнге 428,5 мың тонна дәнді дақыл, 325 мың тонна картоп, 1042 мың тонна көкөніс, 1513,8 мың тонна бақша өнімі және 110 мың тонна жеміс-жидек жиналды. Тамшылатып суғару әдісі қосымша 2,8 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 28,9 мың гектарға жетті. 85,5 гектар жылыжай салынып, жалпы көлемі 1494 гектарды құрады.

Дәстүрлі тамыз кеңесі өтті
Әйелдердің денсаулығы мен әлеуметтік жағдайы талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу