Әйелдердің денсаулығы мен әлеуметтік жағдайы талқыланды

Oinet.kz 23-08-2022 258

Screenshot_17.png

Арыс қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев жетекшілік еткен жиналысқа тиісті сала мамандары мен дербес бөлім басшылары, комиссия мүшелері қатысты.

Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Мемлекеттік саясаттың осы бағытының мән-маңызы және осы мәселеге халықаралық қауымдастықтың ерекше назары халықтың репродуктивті деңгейі, мемлекеттің еңбек, зияткерлік әлеуеті, жас ұрпақтың физикалық, рухани және адамгершілік дамуы әйелдер мен балалардың денсаулығы, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Сондықтан отырыстың күн тәртібінде әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, ана мен бала өлімінің проблемалары талқыланды. 

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары мен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының іске асырылу жайы да айтылды. Осыдан 5 жыл бұрын Бас прокуратураның бастамасымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»  пилоттық жобасы Түркістан өңірінде ашылған болатын. Жоба аясында аудандарда әлеуметтік-психологиялық секторлар жұмыс жүргізуде.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Арыс аудандық орталық ауруханасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Гүлжамила Мақсұтова мен «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының меңгерушісі Жазира Абылова арнайы баяндама жасады. "Жобаның бірінші бағыты - отбасында болып жатқан зорлық зомбылық, оның алдын алу. айқындалған азаматтармен жұмыс жасау, мекеме аралық, бірінші ішкі істер органдары қызметкерлер, әлеуметтік қызмет көрсету, денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесіп, әрбір отбасында орын алған жағдайға талдау жасау.талдау жасалғанда отбасылық зорлық зомбылықтың шығу тегін анықтаудың алгоритмі құрылып,сол алгоритм бойынша жұмыс жасап жатырмыз" дейді сала мамандары. 

Жиын соңында ұсыныс, пікірлер назарға алынып, сала мамандарына тиісті деңгейде тапсырмалар жүктелді.

Арыс қаласынан елордаға автокеруен аттанды
Арыста спорт мекемелері арасында спартакиада өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу