Белсенді жастар - ел келешегі

Oinet.kz 24-08-2022 230

Screenshot_21.png

Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «RAUDA PARK» саябағында ауданның белсенді жастарымен кездесті.

Кездесуде Президентіміз «Аманат» партиясы жас қанатының кезектен тыс VI-съезінде бейне үндеуінде үш маңызды бағытты атап өткен болатын. Үндеуінде мемлекет басшысы жастар айрықша түсінуге тиіс терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиеттерін атап өтті. Осы үндеу аясында, еркін форматта өткізілген кездесудің мақсаты аудан жастарының көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін тыңдап, алдағы уақытта жастардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау болып табылады. Сонымен қатар жастар мемлекет маған не береді емес, мемлекетке біз не береміз, қалай дамытамыз деген пікір алмасуларда қозғалды. 

Жиынға белсенді жастары, «Жас Руханият» жастар қанатының төрағасы, қала, ауыл округтер бойынша өнер тапқыш жастар мен жалпы белсендi жастар қатысты.  Кездесу барысында 2019 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында қайтарымсыз 3 млн тенге грант иегері , 2020 жылы «QR Test математикалық сауаттылық» кітабының авторы , 2021 жылы «Построй свой бизнес» жобасында 10 000 доллардың жеңiмпазы. «iBilim center» бiлiм беру орталығының директоры, математика пәнінің мұғалімі Пірімбет Мақсат Желдібайұлы, Ұзын-ата жалпы орта мектебінде тәлімгер, ұйымдастырушы, жастар төрағасы, белсенді жас - Құрақбай Сағынғали Салиұлы және Алатау батыр ауылдық округінің С.Кәттабеков жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы, 2020 жылы аудандық «Жайдарман» ойындарынын үздік ойыншысы, 2021 жылы аудандық пікірсайыс ойындарының бас жүлдегері, 2022 жылы аудандық «Жайдарман» ойындарынын чемпионы, үздік ойыншысы, 2022 жылы облыстық пікірсайыс ойындарының IIІ - орын жүлдегері - Жұмабай Нұржан Арманұлы аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. 

Кездесу барысында жастар тарапынан аудан Жайдарманшыларын Республикалық деңгейге көтеру, мектептерде жас жайдарманшыларға арнайы уақыт бөлінсе және аудан тарапынан жайдарман сайысы жиі өткізіліп тұрса және аудан орталығында Жастар бас қосатын арнайы орын қарастып беру секілді ұсыныстар айтты. 

Шара соңында Б.Шомпиев барлық сұрақтар мен ұсыныстарға жауап беріп, жастарды тағы да халықаралық жастар күнімен құттықтап, еліміз үшін еселі еңбек етулеріне сенім білдірді. 

Жуасымен танылған ауыл
Кәсіпкерлікті қолдау жайы талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу