Састөбенің жолы жөнделді

Oinet.kz 24-08-2022 256

Screenshot_55.png

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының көліктік байланыс саласының деңгейін көтеруге бағытталған екінші бағытында  екі міндет көзделген. Олар – ішкі көлік желісін дамыту және аумақтардың сыртқы байланысының сапасы мен қолжетімділігін арттыру. 

Осы орайда Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Prime Lux құрылыс» ЖШС тарапынан Түлкібас ауданындағы облыстық  маңызы бар КХ-183 «Састөбе елді мекеніне кіре беріс жол» 2,5 шақырым автомобиль жолы орташа жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілді. 

Жөндеу жұмыстары барысында 2,5 шақырым жолдың асфальт жабындысы толығымен жаңартылды. Сондай-ақ, 2 жерге жасанды жол кедергілері мен жол белгілері орнатылып, жол таңбалары сызылса, 2 жерге су өткізгіш құбырларымен суағар науалар және темір дөңгелек қағар қойылды. 

Одан бөлек, күтіп ұстау жұмыстары есебінен «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан түнгі уақытта жолды бөліп тұрушы катафоттар орнатылды. Бұл өз кезегінде көлік жүргізушілердің түнгі уақытта жолдың қарсы бетіне шығып кетпеуінің алдын алуға септігін тигізеді. Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауда болды.

5 облыстық маңызы бар жол жөнделеді
Сауранда 130 шақырым жол жөндеуден өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу