Сауранда 130 шақырым жол жөндеуден өтуде

Oinet.kz 24-08-2022 188

Screenshot_56.png

2021 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының мақсаты  көлік жолдарын жақсарту арқылы еліміздің транзиттік және логистикалық әлеуетін арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының сапасын көтеру және Қазақстан халқының көрсетілетін қызметтерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету  болып саналады. 

Ұлттық жоба Түркістан облысында жүйелі орындалып келеді. Мәселен Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сауран ауданында жалпы 130 шақырымды құрайтын 7 облыстық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Оның ішінде, Жүйнек (КХ-115 автомобиль жолы 13,9 шақырым), Ынталы (КХ-95 автомобиль жолы 20 шақырым), Түркістан-Қарнақ (КХ-59 автомобиль жолы 21 шақырым), Бабайқорған-Кентау (КХ-58 автомобиль жолы 38,7 шақырым) бағыттарындағы елді мекендерді жалғайтын автомобиль жолдарында асфальт салу жұмыстары қарқынды атқарылуда. 

Ал, Кентау-Ойық (КХ-56 автомобиль жолы 31,6 шақырым) Шорнақ (КХ-58 автомобиль жолы 4,2 шақырым) бағыттарындағы елді мекендерді жалғайтын автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде. Мердігер мекемелер анықталғаннан кейін жол жөндеу жұмыстары басталатын болады. 

Қазіргі таңда, жұмыс-өндірістік кестеге сәйкес жалпы 63 шқ жолдың асфальтобетон жамылғысы жаңартылды. Ағымдағы жылы бөлінген қаржыға сәйкес 4 нысанды немесе 76,8 шақырым жолды толық пайдалануға беру күтілуде.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалы тарапынан тұрақты түрде бақылауға алынған.

Састөбенің жолы жөнделді
Жол сапасы басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу