«Ардагерлер ұйымына» 35 жыл

Oinet.kz 09-09-2022 373

Screenshot_10.png

Қалалық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі кеше ғана құрылған  ұйым емес, өмірден өткен ардагерлердің іс тәжірибесі жинақталған біздің қазынамыз, алтын көмбеміз. Кентау қаласында «Ардагерлер ұйымының» 35 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Қалалық ұйым төрағасы Мұратша Түнтеков осы кезге дейінгі атқарылған жұмыстар барысы жайында баяндады. Кентау қаласында ардагерлерді тоғыстырған ұйым 1989 жылдары құрылған. Сол уақытта 1200-ден астам соғыс ардагері болған. Ұйымның құрылудағы мақсаты – майдангерлерлді есепке алу, еңбек ұжымдарында бастауыш ардагерлер ұйымын құру, ардагерлердің талап-тілектерін есепке алу, шешімін табы, жастарды ардагерлер үлгісінде тәрбиелеу ісіне айрықша көңіл бөлу болып табылады.

Салтанатты шарада қала әкімі Жандос Тасов, облыстық «Ардагерлер ұйымының» төрағасы Жеңіс Мауленқұлов қаладағы ардагерлерді, тыл еңбеккерлерді құттықтап өтті. Қаланың даму жолында еңбегі орасан ардагерлерге «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі мен алғыс хаттар табыс етілді.

«Мен осы қаланың басшысы ретінде сіздерге көрсетілген құрметім мен қызметімді парызым деп санаймын. Қаламыздағы ақылман қариялар мен ақ жаулықты аналардың ұйытқысы, бір орталыққа топтастыратын ұжым – ардагерлер кеңесінің алар орны ерекше. Сіздер тек қала мен даланың жағдайын ғана ойлап қоймай, жас ұрпақ тәрбиесінеде ерекше назар салып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келесіздер. Жастарға ақыл-кеңестеріңізбен бөлісіп, тура жолда адаспауға бағыт-бағдар беріп жүргендеріңіз мәлім» деген қала басшысы ұйымның қоғам үшін алар орны маңызды екенін атап өтті.

Мерекеге арналған шара өнерпаздардың әзірлеген концерттік бағдарламасымен ұласты. 


Жолдаудың міндеттері сөз болды
Қаланы жаяу аралаған әкім тұрғындармен тілдесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу