Қаланы жаяу аралаған әкім тұрғындармен тілдесті

Oinet.kz 09-09-2022 341

Screenshot_11.png

Шаһарды жаяу жүріп аралаған Кентау қаласының басшысы Жандос Тасов тапсырмалардың түбегейлі жүзеге асырылмаған бағыттарын анықтады. Ынтымақ алаңынан бастау алған аралау Қаратау, Шұғыла мөлтек аудандарында және тұрғындардың демалыс аймағына айналған «Көк төбеге» дейін жалғасты.

Қаладағы бірнеше көше тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Тұрғындар жалпы, жол, кәріз жүйесін, жарық, тазалық, газға қосылу секілді бірқатар сауалдарын жолдады. Қала басшысы тұрғындардың ұсыныс-талаптарына нақты әрі ағымдағы жылы жүзеге асатын істердің жауаптарын берді. Тиісті сала басшыларына әрбір айтылған мәселерді назарға алып, шешу бойынша жұмыстар атқаруын тапсырды.

«Әр аралауда айтылған тапсырмалар орындалмаған жағдайда, қатаң шара алатындарыңызды ескертемін. Әр бөлім бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс атқарып,  мәселерді дер кезінде шешулеріңіз қажет»-деді қала басшысы.

Сондай-ақ «Шұғыла» мөлтек ауданындағы инфрақұрылымы  жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады. Жүзеге асырылатын әрбір құрылыс сапалы болуын қадағалауды бөлімге тапсырды. Әр аптада айтылған тапсырмалардың орындалу барысы бақыланып отыратынын сала басшыларына ескертті. 

Осы ретте айта кетейік, Кентау қаласын табиғи газбен қамту 2 кезең нысаны қыркүйек айының соңына дейін газбен қамту жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Қазірті таңда нысан қыссыммен тексеру жұмыстары аяқталып, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ-на инженерлік техникалық құжаттамасы өткізілуде.

Бүгінгі таңда Кентау қаласы табиғи газбен қамту 3 кезең нысаны қыссымен тексеру жұмыстары басталды. Қаладағы Ш.Уалиханов көшесі бойындағы 10 көп қабатты тұрғын үйлердің ішкі құбырларын қыссыммен тексеру жұмыстары 80пайызы аяқталған. Кентау қаласында 3560 абонент "КазТрансГаз Аймақ" АҚ-на техникалық шарт алуға өтініш білдірген.


«Ардагерлер ұйымына» 35 жыл
Арыста алғашқы қоңырау соғылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу