Достықта жаңа мектеп пайдалануға берілді

Oinet.kz 01-09-2022 180

Screenshot_20.png

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев 1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай Жартытөбе ауылдық округі, Достық елді мекеніндегі жаңадан пайдалануға берілген 300 орындық №59 жалпы орта мектептің ашылу салтанатына қатысты. Салтанатты шарада аудан басшысы ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен яғни "Білім күнімен" құттықтай отырып, мектеп директорына білім шаңырағының символдық кілтін табыстады. 

«Сіздерді бүгінгі жаңа мектептің ашылуымен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, қызметтеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін. Ал, осы мектепте білім алатын оқушылар сабақтарын өте жақсы оқып, мектептің, ұстаздарының мақтанышына айналып, елді қуанта берсін. Тәуелсіз еліміздің нағыз елін сүйген, Отанын қорғайтын азаматтары болатындарыңызға сенемін. Әр отбасына береке, қуаныш, жақсылық, Елімізге тыныштық пен бірлік тілеймін!»- деді аудан басшысы.

Аудан әкімі жаңа білім ордасының лентасын қиып, мектептің сыныптарын аралап көрді. Мектептің ғимараты жалпы аумағы – 1,80 гектар аумақта орналасқан. 300 орындық оқу корпусы, спорт зал, асхана және шеберханалар орналасқан. Сонымен қатар, мектепте барлық заманауи пән кабинеттері қарастырылған. Мұхит Баймұханбетұлы жаңа білім ордасын аралап көріп, ұстаздардың еңбегіне сәттілік тіледі. 

Айта кетерлігі, биыл жаңа оқу жылын Сарыағаш ауданындағы 77 мемлекеттік және 12 жекеменшік, 1 дарын мектебі 58629 оқушымен бастап отыр. Олардың ішінде 5660 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, қолдарына жаңа "Әліппені" ұстады.

Балаларды ойын-сауықпен дамыту орталығы ашылды
Ақжарда әкіммен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу