Ақжарда әкіммен кездесу өтті

Oinet.kz 02-09-2022 195

Screenshot_21.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әкімдердің халықпен кездесу туралы" Жарлығына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Ақжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Алдымен аудан басшысы алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып, содан кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі тозығы жеткен электр желілері мен бағаналарын және трансформаторды ауыстырып беру, асфальт жол салу, жаңадан салынған тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.

Өз кезегінде аудан басшысы ағымдағы жылы Ақжар елді мекені, Т.Орынбай көшесіндегі апаттық жағдайда тұрған трансформатор «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС арқылы ауыстырылып, қоршалғанын жеткізді.

Сонымен қатар, аталған елді мекеннің шаруаларының өтінішіне орай, яғни вегетациялық кезеңде су тапшылығының алдын алу мақсатында «Қазсушар» РМК мекемесі тарапынан Р-15 каналын механикалық тазалаудан және ағымдағы жөндеуден өткізіп, ауылдағы ағын сумен қамту мәселесі шешімін табуда.

Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың жер және жарықтандыру мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан басшысы ауыл тұрғындарын қабылдау барысында ауыл әкімі мен тиісті мекеме басшыларына өтініштерді назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.

Достықта жаңа мектеп пайдалануға берілді
Сарыағашта жол жөндеу жұмыстары жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу