Тілдер мерекесі - ұлттар арасындағы достықтың дәнекері

Oinet.kz 03-09-2022 197

Screenshot_30.png

"Мен өзім Біріккен Ұлттар Ұйымында істегенмін. Мемлекетте ұлттық бірлікті қолдау қаншалықты маңызды екенін білемін. Бұл әсіресе, көп этносты, көп ұлтты мемлекеттерге қатысты. Мемлекеттік тілде керемет сөйлейтін азаматтарымызға құрметпен қараймын және оларды қолдау керек деп санаймын.Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясында осылац деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "қазақ тілін дамыту үшін шаралар қабылдау қажеттігін" атап өтіп, бірақ бұл процесс "өзге тілдер мен азаматтарды алалау мақсатында жүзеге асырылмауы тиіс" деген нақты тапсырма берген болатын. 

Осы орайда 5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі қарсаңында Мақтаарал ауданында "Мәңгілік ел - мәртебелі тіл" атты мерекелік кеш өтті. 

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, аудан жұртшылығын Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтады. Алтын күнтуқызы ауданымызда жасайтын ұлттар мен ұлыстардың, түрлі этнос өкілдерінің бірлік пен ынтымақта өмір сүруінің дәнекері болып отырған ақсақалдарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, көпшілікті мемлекеттік тілді құрметтеуге, оны жетік үйренуге шақырды. Сөзінің соңында бір топ тіл жанашырларын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. 

Мұнан соң ауданымыздағы славян, корей, әзербайжан, өзбек, тәжік этно- мәдени орталықтарының белсенді мүшелері де берекесі мен ынтымағы жарасқан  Мақтаарал халқын мерекемен құтықтап, кеңпейіл қазақ халқына деген ризашылықтарын білдірді.  

Іс-шара барысында Отан туралы патриоттық әндер  айтылды. Бишілер тобы қазақ, өзбек, ұйғыр халықтарының билерін мың бұрала билеп, көшіліктің көңілін көтерді. Бір топ аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері Ахмет Байтұрсынұлының, Мағжан Жұмабаевтың, Несіппек Айтұлының ана тілі туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. 

Аудандық кітапхана қызметкерлерінің орындауындағы Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған "Рух пен тіл"   әні  көпшіліктің қошеметіне бөленді. 


Мақтааралда 300 орындық мектеп ашылды
Мақтааралда мақта терім науқаны басталғалы тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу