Ұшқында 6 көше жөнделуде

Oinet.kz 09-09-2022 223

Screenshot_40.png

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ІІІ тоқсандағы халықпен есептік кездесуін Ұшқын ауылдық округінде жалғастырды. Кездесу барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1-қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын тұрғындарға кеңінен түсіндірді. Жолдауда айтылған реформалардың нақты 5 бағдарын айшықтап берді. Басты стратегиялық құжатты іске асыруға барлық мемлекеттік органдар жұмылатынын мәлімдеп, мемлекет саясатын іске асыру жолында бір кісідей ат салысу керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, аудан әкімі Ұшқын ауылдық округінде өткен алдынғы есептік кездесуде көтерілген мәселелердің іске асу барысымен бөлісіп, ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген ауыз су, ағын су және жол мәселесіне қатысты сұрақтарына жауап берді. 

Қазіргі таңда Ұшқын ауылдық округіндегі 6 көше жөндеуден өтуде. Оның үшеуіне асфальт  төселсе, қалғаны ағымдағы жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Достық елді мекенінің екі көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылады. Бұл жұмыстар халықтың тікелей сұранысы аясында іске асуда.         

Өткен кездесуде тұрғындар тарыпы мәдениет үйін салып беруді сұранған болатын. Сұраныс аясында Ұшқын ауылдық округіндегі  Д.Қонаев көшесінің бойынан 150 орындық мәдениет үйінің жобалық сметалық құжаттары істелді. Сондай-ақ сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңға құрылыс нысанына қаржы қарастыру үшін Облыстық салалық басқармасына ұсынылған.


Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Келеске келді
Жаңа Қазақстанды құруға жол бастаған Жолдау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу