Әкімге өтініштерін жеткізді

Oinet.kz 09-09-2022 296

Screenshot_46.png

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойған болатын. Онда "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестер мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдауды өткізсін" делінген.

  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Аудан әкімнің жеке қабылдауына 13 ауыл тұрғыны келіп, түрлі жеке мәселелері бойынша өздерінің өтініштерін жеткізді. Атап өтсек, Шорнақ ауылдық округінің тұрғындары Ш.Данияров жұмысқа тұру және су мәселесін, Н.Төлендиев «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келінін жұмысқа тұрғызуды алға тартса, Р.Назбеков тұрғын үйі бұзылуына орай, орнына жер беруін, Г.Исабекова зағиптар қоғамына іс-шара ұйымдастыру, Н.Сыздықова жұмысқа орналастыру, Майдантал ауылдық округі, Егізқара елді мекенінің тұрғыны Г.Илясова ауылдағы жол, электр жарығын, Оранғай ауылдық округі, Қотырбұлақ елді мекенінің тұрғыны Қ.Төлемісова үйі өртеніп кетіп, материалдық көмек сұраса, Шаға ауылдық округінен Б.Наргобеков спорт саласы бойынша мәселерін шешуді сұрады.

Ал, Жүйнек ауылдық округінің тұрғындары А.Мавланов жайылым жер, И.Рысбаева көше бойындағы жарық, ауыз су, Н.Темирова үйінің жанынан 3-4 метр жол ашып беруін және атаулы әлеуметтік көмек, А.Абдувахапов ауыз су, Бабайқорған ауылдық округінің тұрғындары Қ.Жолымбетов жол мәселесін, Л.Жанабилова көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек, Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны А.Сакенқызы жер мәселесі, Ескі Иқан ауылдық округінен Э.Ирисметов ұлын жұмысқа орналастыруды сұрап, өз өтініштерін жеткізді. 

Жеке қабылдауда аудан әкімі Ғ.Рысбеков ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, орындалуына ықпал ететінін жеткізді.

Жолдауға қолдау білдірді
Әкімге өтініштерін жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу