«Мектепке жол» акциясы балаларды қуантуда

Oinet.kz 30-08-2022 174

Screenshot_51.png

Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаевтың биылғы жыл Балалар жылы деп атап өткенін тілге тиек ете келе, сонымен қатар, жыл сайын тұрақты түрде атап өтілетін «Мектепке жол» акциясы биыл ауқымды өткізілді. 

Аталған акция халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге – ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталып отыр. Басты мақсатымыз – халқымызға тән ұлттық ерекшеліктерді, мейірімділік, қайырымдылық, әділдік сынды ең асыл қасиеттерді насихаттау кеңінен өріс алады. Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ. 

Бүгінгі акция «Конституция күніне» орай тұспа тұс өткізіліп отыр. Жаңа оқу жылының басталуына орай, Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінің Мәдениет үйінде Шерхан Мұртаза атындағы WAQF қайырымдылық қоры және «Састөбе Цемент» зауыты басшылығының демеушілігімен және Састөбе кенті әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы атап өткізіілді. Аузын ашса жүрегі көрінетін жомарт жанды азаматтардан жиналған 6 млн. теңгеден астам қаржыға 172 балаға мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-сайман үлестірілді.

Қайырымдылық іс-шараға ұйытқы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, Шерхан Мұртаза атындағы WAQF қайырымдылық қордың төрағасы, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы Қ.Айтбай, аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, Састөбе цемент зауытының басшылық құрамы, аудандық адами әлеуетті басқару бөлімінің басшысы Е.Қадырбек, Састөбе кентінің әкімі С.Пайзалиев, Састөбе кенті әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.  

Алғашқы сөз кезегін аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов алып, жиналған қауымды бүгінгі мерекелерімен құттықтай келе, демеушілік қызметті атқарып жүрген  Айтбай Қайрат Орынбайұлын аудан әкімі Н.Байғұттың алғыс хатымен марапаттады. Қайрат Орынбайұлы өз кезегінде халық игілігі үшін жұмыс жасап жатқанын және де қолдауларының арқасында осындай мәртебеге жеткенін айтты. Алдағы уақытта да барлық күш-жігерін салатынын айтып өтті.

Сондай-ақ, мұқтаж жандарға қол ұшын созған азаматтарға кент әкімі мен ауыл тұрғындары да ыстық лебіздері мен алғыстарын жеткізіп, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.


Бадамдық оқушылар жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастады
Түлкібаста үш ауысымдағы мектеп жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу