Ту биікке көтерілген күн

Oinet.kz 31-08-2022 227

Screenshot_1.png

Конституция күні қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, Қазығұрт ауданында Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығына орай "Мәңгілік ел" саябағында  Мемлекеттік тудың ашылу салтанаты өтті. Жиында сөз алған зиялылар көк тудың көкке көтерілгені жас пен болашақ ұрпаққа рух сыйлайтынын тілге тиек етті. Бұл жобаны салуға 35 млн теңге қаржы жұмсалған. Ту тұғырының биіктігі  45 метр. Қастерлі рәмізді орнатып қана қоймай қауіпсіздік шараларына да мән берілген. Жан жағын абаттандырып, орындықтар да орнатылған.

"Біз бұл жасаған игі ісімізді Мемлекетіміздің құндылықтарын қадірлеудің бір көрінісі деп білеміз. Ауданымыздың экономикалық даму көрсеткіштерін жылдан жылға жоғарылатып, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасау біздің басты мақсатымыз",- деді Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев. 

Әр мемлекеттің өз рәміздері болады. Бұл кез-келген егеменді елдің біртұтастығын айшықтайтын маңызды нышан дейді Бекет Тұрғараев. Сондықтан оны біліп қана қоймай, құрметтеуге міндеттіміз деген көзқараста.  "Менің бақытым көк тудың желбірегені деп әнге қосылғандай осы көк тудың көтеріліп тұрғаны отанымыздың жүрегінің соғып тұрғанымен бірдей. Мінекей, туған жерімізде ту тігіп, туған жерді түлетуге, ту тігуге барлығымыз ат салысып келе жатырмыз",- дейді ҚР Құрметті судьясы Бекет Тұрғараев. 

Тудың ені 5, ұзындығы 10 метр. Металл құрылымынң салмағы – 30 тонна. Диаметрі 2 метр, жоғарыға қарай 80 сми -ге дейін жіңішкереді. Жалауды металл ішінде орналасқан электр жүк шығыр көтереді.

Түлкібаста үш ауысымдағы мектеп жоқ
Балаларды ерлікке баулитын кітап көрмесі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу