Қазығұртта 3 мыңға жуық бала әліппе ұстады

Oinet.kz 01-09-2022 216

Screenshot_3.png

Бүгін барлық білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. Ақ бантик тағып, бірдей мектеп формасын киген оқушылар мереке сәнін келтірді. Алдымен 1 сыныпқа қабылданған жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев  қатысып, барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта сапалы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.  "Міне бүгін тағы бір жылдың жазғы кезеңі аяқталып, жаңа оқу жылына қадам басқалы отырмыз. Барша ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуы және 1-қыркүйек білім күнімен   шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін ұлағатты ұстаз бен оқуға құштар шәкірттердің қауышанытын күндері. Араға уақыт салып бүгін оқушылар алтын ұя мектебіне қайта оралып отыр. Ал, Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер сыңғырлаған қоңырау үнін тыңдап таңырқауда. 

Еңбектің ең үлкені – білім! Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі еліміздің болашағы да білім мен тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы саланың жандануына ерекше көңіл бөліп келеді. Жыл сайын заманауи үлгіде мектеп пен балабақшалар тұрғызылып, оқу-тәрбие мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Мұны біздің аудан өмірінен де көруге болады",- деді аудан әкімі. 

Мамандардың мәліметіше бүгін аудандағы 71 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 1-сыныпқа қабылданған үш мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттады.

Айта кетейік, білім күні мерекесі қарсаңында Сарапхана  ауылында «ЗАТ» балабақшасы ашылды. Жаңа нысанның ашылуына аудан әкімі Арман Абдуллаев  арнайы келіп, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Бала тәрбиесін, балабақшаның балаға ықпалын тілге тиек етіп, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін арнады. Бүгін 200 орындық нысанның халық игілігіне берілуі бала тәрбиесіне үлкен қолдау берері анық. Балдырғандарды елін сүюге, қазақ тілін қадір тұтуға үйрету маңызды», – деді аудан әкімі өз сөзінде. Балабақшаның құрылтайшысы  Азамат  Момбеков мекемеде 8 топ жұмыс жасайтынын, балалар қазақ тілінде тәрбиеленетінін жеткізді.

«Ғимарат типтік негізде бой көтерген. Жылу жүйесі автономдық. Балаларға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Бөбекжайға балаларды 1 жастан қабылдай береміз. Білікті мамандарымыз да, қажетті құрал-жабдықтарымыз да жеткілікті. 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтыдық. Жалпы алдағы уақытта барлығы 60 адамды жұмыспен қамтымақпыз», – дейді құрылтайшы.

Балаларды ерлікке баулитын кітап көрмесі өтті
Құрылыс жұмыстарының сапасы әрі қарқындылығын тексерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу