Балалар табиғат аясында демалды

Oinet.kz 31-08-2022 198

Screenshot_6.png

«Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды "Балалар жылы" деп жариялаған болатын. Атаулы жыл аясында еліміздің түкпір-түкпірінде балаларды қуанышқа бөлейтін іс-шаралар көптеп атқарылуда. 

Айталық жақында Төлеби аудандық  ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында   «Өгем» қоғамдық  бірлестігінің ұйымдастыруымен,  аудан ауамғындағы туристік аймақ болып саналатын  "Сайрам - Өгем мемелкеттік  ұлттық табиғи паркі аумағына 2022 жыл балалар жылы және Төлеби ауданының 90 жылдығына орай,  Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналсақан "Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" КММ-де тәрбиеленіп жатқан  20  балаға  арналған бір күндік  арнайы саяхат ұйымдастырылып өткізілді.   

Іс-шара барысында «Өгем» қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы А.Абдешов "Сайрам - Өгем мемелкеттік  ұлттық табиғи паркі және Төлеби ауданының туристік аймақтары болып саналатын көптеген орындар  жайында ақпараттарды жеткізіп, жастарға қоршаған ортаны қорғауға, тазалыққа  және патриоттыққа шақырды.

Айта кетейік,  "Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи саябағы 149 мың гектар аумақты қамтиды және жазық далалы жерден биік таулы жерге дейінгі 7 табиғи аймақты біріктіріп жатыр. Бұл - шын мәнінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің көптүрлілігін білдіреді. Саябақ ерекшеліктерінің бірі - мұнда Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктердің 240 түрі кездесетіндігінде. Бұдан бөлек, "Сайрам-Өгем" ұлттық саябағында әртүрлі тарихи кезеңдердегі бірегей құрылыстармен, көне петроглифтермен және ежелгі халық қоныстарымен танысуға болады. Ұлттық саябақ үш бөліктен тұрады: қорық (оған кіруге тыйым салынған), рекреациялық (қалыпқа келтіретін) және туристік аудандар. Бұл жер күшті энергия мен жарқын әсер сыйлайтын, отбасымен немесе достарымен демалуға арналған керемет орын. Міне, осындай тамаша табиғат аясында демалған балалар әрі мұндағы жануарлар мен өсімдіктер әлемімен танысып шықты. 

Сыбайластықпен бірге күресуге шақырды
Білім ошақтары жаңа оқу жылына дайын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу