Достық тұрғындары өтініштерін айтты

Oinet.kz 09-09-2022 337

Screenshot_5.png

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Киелітас ауылдық округінің әкімі П.Төребеков Достық ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі №16 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінде өтті. Кездесуге ардагерлер, зиялы қауым, ауыл тұрғындары мен жастары қатысты. 

Халықпен кездесуде округ әкімі «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылдың 8-айында атқарылған және 2022 жылы атқарылатын жұмыстары» туралы баяндама жасап болған соң кездесу жаңа «сұрақ-жауап форматта жалғасын тапты. 

Достық ауылының биі М.Эюбов Астана көшесі мен Қ.Жылқыбаев көшесінің қиылысына жол кедергісін орнату  туралы; 

Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова Нұрлы көшесінің асфальттау жұмыстарының қашан басталатыны туралы; . 

Ауыл тұрғыны, зейнеткер М.Османов бос жүрген жылқылардың иелеріне шара көру туралы пікірлерін білдірді.

Кездесу жиынында қойылған сұрақтарға округ әкімі П.Төребеков жауап беріп, кездесу барысында халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы арнайы іс-шара түзіліп, оның орындалу барысы жөнінде ақпарат жергілікті баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланатынын және сауал иелеріне орындалу барысы жөнінде жазбаша түрде жауап берілетінін жеткізді.. 

 Кездесу біткен соң округ әкімі П.Төребеков ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. 


Жаңа Қазақстан - жастардың дәуірі
Ауыл шаруашылығы өркендеген өңір
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу