Бесінші Жолдауда не айтылды?

Oinet.kz 03-09-2022 234

Screenshot_11.png

Бәйдібек аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру, қоғамдағы тыныштық, бірлік, тұрақтылық, халықты ынтымаққа шақыруда аудандағы ардагерлер кеңесі мен билер алқасының атқарған жұмыстарымен танысу, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында арнайы басқосу жиыны өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан, аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай, аудандық билер алқасының төрағасы Сағынбай Жұманов және барлық ауылдық округтерден ардагерлер кеңесі мен билер алқасының төрағалары қатысты. 

Отырыста бірнеше келелі мәселелерге байланысты сұрақтар қойылып, ой бөлісіп, пікір алмасты. Атап айтсақ, білім беру сапасы,  мәдениет, ауыз су, жол, газ, электр жарығы жөнінде мәселелер көтерілді. Ашық әңгіме барысында ардагерлер тарапынан Серікбай Тұржан, Темірхан Өмішов, Әбдірахым Атағұлұлы, Өмірзақ Рысбеков, Шаймахан Шайырбеков, Әбдіхалық Ағабеков, Шырынхан Әбдіқалықов көкейдегі сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді. Барлық сұрақтар бойынша аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан мен аудан әкімінің орынбасары Б.Тұрлыбеков және тиісті бөлім, мекеме басшылары жауап берді. 

Айта кетейік, бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының Президент лауазымына кіріскеннен бергі 5-ші Жолдауы. Тоқаев Жолдауда төменгі жалақының 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге, яғни 16 пайызға артанын (150 доллар) айтты. Президент сонымен қатар кәсіпкерлерді несиелеу құнын азайтуды, салық саясатын жақсартуды ұсынды. Денсаулық сақтау мәселесіне келгенде, жолдау иесі алдағы екі жылда 650 ауылда медициналық және фельдшер-акушерлік пункт ашылады деп уәде етті. Қазақстан президенті сонымен қатар "Ұлттық қор – балаларға" деген бағдарлама ұсынды және  мемлекет басшысы әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас межесінде қалатынын мәлімдеді. 

Бесінші Жолдауда не айтылды?
Шәкірттер қуанған күн
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу